Заңдық ескертпе
“ЖК Chevron Direct Investment Fund Ltd.” (Компания)
АҚПАРАТТЫ БЕРУ ШАРТЫ (ШАРТ)
  • Ешбір идея, ұсыныс, материал немесе ақпарат (бұдан әрі – “Ақпарат”) “құпия негізде” берілмеуі немесе алынбауы тиіс, сонымен қатар Компания кез келген берген ақпаратты қарастырған кезде ешбір құпия қатынастар орнатылмауы немесе ойда болмауы тиіс.
  • Компания берген Ақпаратты құпияда ұстауға міндетті емес.
  • Ақпараттың, соның ішінде ол жердегі инвестициялық жобаның түпнұсқалығы мен құндылғын Компания жеке өзі анықтайды.
  • Компанияға сіздің тарабыңыздан ақпарат беру Компания осы Ақпаратты оны бағалаудан басқа кез келген мақсатта, кез келген патенттердің немесе авторлық құқықтардың негізінде пайдалануға беретін лицензия болып табылмайды, сонымен қатар Компанияның осы Ақпаратты алуы осындай патенттерді немесе авторлық құқықтарды тануы болып табылмайды.
  • Компания берілген Ақпаратты қарастырғаннан кейін, өз бетімен ұсынылған инвестициялық жобаға Компанияның қатысу мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізу туралы шешімді қабылдайды.
  • Егер Компания келіссөз жүргізбеу туралы шешім қабылдаса, немесе келіссөздер сіздің тарабыңыз бен Компания арасында келісімге қол қоюға әкелмесе, Компания сіздің алдыңызда осы Ақпаратты беруден шығатын ешбір міндеттемені мойнына алмайды.
  • Компания осы Шарттарға сәйкес берілген кез келген Ақпаратты қайтаруға немесе жоюға міндетті емес, тек Ақпаратпен бірге берілген дербес деректерді Компания бағалауды аяқтап, ұсынылған инвестициялық жобаға өзінің қатысуы туралы шешім қабылдағаннан кейін жояды.
  • Осы Шарттарға кез келген өзгерістерді енгізу немесе енгізуден бас тарту тек Компанияның өкілетті өкілі қол қойған жазбаша түрде ғана қол жетімді болады.
  • Төмендегі “Қабылдау” түймесін баса отырып, Ақпаратты осы онлайн-платформа арқылы жүктей отырып, сіздің тарабыңыз мынаны хабарлайды және оған кепілдік береді:
    • сізде осы Ақпаратты осы Шарттарға сәйкес жариялауға барлық өкілеттік бар;
    • берілген Ақпарат шынайы, әрі дәл болып табылады;
    • Компанияның ұсынылған инвестициялық жобаға өзінің қатысуы туралы шешім қабылдауы және бағалауы үшін із Ақпаратқа қосылған дербес деректердің иесінен осы Ақпаратқа қосылған дербес деректерді Компанияның немесе оның еншілес тұлғаларының жинауына, өңдеуіне, беруіне (соның ішінде шекара арқылы жіберуіне), сонымен қатар Компанияға жоғарыдағы мақсатқа қол жеткізу үшін көмектесетін үшінші тараптарға жариялауға келісімін алдыңыз немесе өз келісіміңізді бересіз;
    • сіз осы Шарттарды қабылдай отырып, Компанияның Ақпаратты қарастыруына келісесіз; және
    • сонымен қатар сіз осындай Шарттар алдында берілген Ақпаратқа қатысты жарияланатын кез келген қосымша ақпаратқа қолданылатынына келісесіз.