қазақстандағы «шеврон» туралы
1993 жылы «Шеврон» Қазақстанға «Теңізшевройл» ЖШС-ін құрып келген алғашқы шет елдік энергетикалық компания болды. «Шеврон» Қазақстандағы ең ірі халықаралық инвестор ретінде Қарашығанақ жобасына қатысу үлесіне ие, Каспий Құбыр Желісі Консорциумының ең ірі жеке акционері және Атырау қаласындағы полиэтилен құбырлар зауытын басқарады.
Компания бизнесін жүргізетін басқа елдердегідей «Шеврон» ресурстарды дамыту, мыңдаған жергілікті жұмыс орындарын ашу, жергілікті тауар мен қызметті дамыту және жергілікті жұмыскерлердің мүмкіндіктері мен қабілеттіліктеріне үлес қосу арқылы Қазақстанның экономикалық дамуына үлес қосады.